- Отандық және халықаралық стандарттардың талаптарына сай жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мақсатында білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес оқу-әдістемелік үрдісті ұйымдастыру және жетілдіру, университеттің академиялық саясатын қалыптастыру.
- Университеттің кафедралары, факультеттері мен құрылымдық бөлімшелерінің оқу және әдістемелік қызметін үйлестіру;
- Барлық дайындық деңгейлеріндегі білім беру бағдарламаларының оқу, оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асыру (оның ішінде үштілді білім беру бойынша, 50х20х30 моделі бойынша).
- Университеттің барлық дайындық деңгейлеріндегі оқу үрдісін жоспарлау мен жүзеге асыруды ұйымдастыру.
- Бакалавриат, магистратура және докторантураның оқу үрдісін ұйымдастырудың сандық және сапалық көрсеткіштерін жүйелі талдау.
- Бакалавриат, магистратура және докторантураның білім бағдарламаларын әзірлеу және бекіту жұмыстарын үйлестіру.
- Білім беру қызметтерін ұсыну сапасын арттыру: түлек моделін жетілдіру, қосымша құзыреттерді игеру мүмкіндіктерін ұсыну, шетелдік әріптес жоғары оқу орындарымен интеграцияланған білім беру бағдарламаларын әзірлеу.
- Оқу-әдістемелік үрдісті ұйымдастыру бойынша ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу.
- Академиялық сабақтарды өткізуді ұйымдастыру және сапасына мониторинг жүргізу.
- Университеттің педагогикалық оқу жүктемесінің жалпы көлемін есептеу, кафедралар бойынша профессор- оқытушылар құрамының штаттық кестесін қалыптастыру, сағаттық қорды есептеу және жоспарлау.
- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша практика базаларымен кәсіптік практикаларды ұйымдастыру.
- Қысқы-жазғы емтихан сессияларын үйлестіру. Білім алушылардың жетістіктерін бағалауды тіркеу.
- Аттестаттау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру.
- ҚР Президентінің стипендиясы мен бос білім беру гранттарына конкурстар өткізуді үйлестіру.
- Университеттің профессор- оқытушылар құрамына әдістемелік семинарларын өткізу.
- Болашақ мамандардың тәжірибеге бағытталған құзыреттерін қалыптастыру мақсатында университеттің білім беру үрдісіне тәжірибелі мамандарды жұмылдыру.