AI-Sana Shakarim Solveathon: AI & Agriculture – 2025
Шәкәрім университеті студенттерді, жас зерттеушілерді және стартап-командаларды агроинновациялар мен жасанды интеллектіге арналған AI-Sana Shakarim Solveathon үш күндік хакатонына қатысуға шақырады!
Аталған іс-шара Stanford TreeHacks, Berkeley AI/ML Hackathon, HackMIT секілді әлемдік форматтарға негізделген практикалық модель бойынша ұйымдастырылады.
Solveathon – үш күн ішінде нақты аграрлық секторға бағытталған цифрлық және агротехнологиялық шешімдерді әзірлеуге арналған интенсив. Қатысушылар индустриялық серіктестер ұсынған нақты өндірістік міндеттермен жұмыс істейді.
Бұл платформа – жастардың инновациялық әлеуетін ашып, ғылым, білім және бизнес арасындағы серіктестікті нығайтуға бағытталған.
Іс-шараның мақсаты:
-Жасанды интеллектіні қолдана отырып, ауыл шаруашылығына арналған IT және агротехникалық шешімдерді әзірлеу;
-Ғылым, білім және бизнес арасындағы байланысты нығайту;
-Жастардың инновациялық әлеуетін арттыру және Қазақстанның аграрлық секторын тұрақты дамытуға үлес қосу.
Өтетін уақыты мен орны:
2025 жылы 6–8 желтоқсан аралығы (офлайн, үш күндік интенсив)
Семей қаласы, Глинка көшесі 20А, Шәкәрім университеті бас ғимараты
Толық ақпарат және тіркелу: https://solveathon.shakarim.kz/ru/