Minor «Азық-түлік технологияларындағы инновациялар, қауіпсіздік және дербестендіру»

Оқу барысында функционалды және дербестендірілген азық-түлік өнімдерін әзірлеудің инновациялық тәсілдері, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен зерттеу әдістері, сондай-ақ баламалы ақуыз көздерін пайдалану технологиялары қарастырылады. Ерекше назар азық-түлік индустриясының тұрақты дамуына, биотехнология, нутрициология және инженерлік шешімдердің интеграциясына аударылады.

Мақсаты

Қалыптасатын негізгі құзіреттер

Оқыту нәтижелері

Функционалды және дербестендірілген азық-түлік өнімдері саласындағы заманауи үрдістер мен инновацияларды зерттеу, азық-түлік қауіпсіздігін зерттеудің заманауи әдістерін меңгеру, баламалы ақуыз көздері технологияларын және олардың азық-түлік өнеркәсібін дамытудағы рөлін зерттеу.

Оқу нәтижесінде білім алушы баламалы көздерден ақуыздарды алу, бөлу және модификациялау әдістерін меңгере алады, функционалды өнімдер мен дербестендірілген рациондар технологиясы саласындағы білімін тәжірибеде қолдана алады, сондай-ақ тағам қауіпсіздігін зерттеудің заманауи әдістерін практикалық қызметте пайдалана алады.

Нормативтік құжаттардың және тамақтану туралы қазіргі заманғы ғылымның талаптарына сәйкес жоғары сапалы тамақ

өнімдерін өндіруді қамтамасыз

Minor курстары

Сипаттамасы

1

Функционалды және дербестендірілген азық-түлік өнімдерін әзірлеу

Пән әртүрлі тұтынушылар топтарының жеке қажеттіліктеріне бейімделген және мақсатты функционалдық қасиеттерге ие азық-түлік өнімдерін жасау принциптерін зерттейді. Функционалдық ингредиенттердің түрлері мен сипаттамалары, тамақ жүйелерін модификациялаудың заманауи технологиялары қарастырылады. Физиологиялық, биохимиялық және нутрициологиялық деректерге сүйене отырып тамақтануды жекелендіру тәсілдері зерттеледі. Рецептураларды жобалау әдістері, сондай-ақ әзірлеу процесінде қолданылатын цифрлық және аналитикалық құралдар зерттеледі.

2

Азық-түлік өнімдерінің тағамдық қауіпсіздігін зерттеудің қазіргі заманғы әдістері.

Пән азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін бағалау және қамтамасыз етуге арналған заманауи тәсілдер, әдістер және технологияларды зерттейді. Ластағыштарды, токсиндерді және патогендерді анықтауға арналған заманауи аналитикалық және цифрлық құралдар қарастырылады. Өнімнің сапасын өндіріс, сақтау және өткізу кезеңдерінің барлық сатыларында бақылау әдістері зерттеледі. Тұтынушылардың денсаулығына тәуекелдерді бағалау тәсілдері қарастырылады. Азық-түлік қауіпсіздігін талдаудың заманауи әдістемелерін қолдана отырып зерттеулер мен сараптамаларды жүргізу дағдылары дамытылады.

3

Баламалы ақуыз көздерінің технологиялары

Дәстүрлі ақуыз көздерінің жаһандық тапшылығы және баламаларды іздеудің қажеттілігі. Баламалы ақуыздардың азық-түлік индустриясының тұрақты дамуындағы рөлі. Баламалы ақуыз көздерінің жіктелуі. Өсімдік ақуыздары (астық, бұршақ тұқымдастар, майлы дақылдар). Микробтық ақуыздар (ашытқылар, бактериялар, микроскопиялық саңырауқұлақтар). Жәндіктер ақуыздары. Балдырлар мен микробалдырлар ақуыздары. Жасушалық ет (cultured meat). Прецизионды ферментация өнімдері. Ақуыздарды алу және тазарту әдістері. Ақуыздарды құрылымдау және модификациялау технологиялары, текстураланған ақуыздар.