Minor «Логистикалық менеджмент және жеткізу тізбектерін басқару»

Бұл курс бағдарламасы студенттерге логистика және жеткізу тізбектерін басқару саласында басқарушылық және практикалық құзыреттерді қалыптастырады. Бағдарламада тасымалдау, қоймалау, тарату үдерістерін жоспарлау және оңтайландыру, қорларды басқару, логистикалық шығындарды есептеу және жеткізу тізбегінің қатысушыларын үйлестіру мәселелері қарастырылады.

Мақсаты

Қалыптасатын негізгі құзіреттер

Оқыту нәтижелері

Студенттерде логистикалық процестерді және жеткізу тізбектерін басқару саласында жүйелі білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру, көлік-тарату жүйелерінің тиімділігін арттыру және логистикалық шығындарды оңтайландыру

Логистикалық жүйелерді талдау және олардың тиімділігін бағалау қабілеті.

Логистикалық негізгі көрсеткіштермен (KPI) жұмыс істеу дағдылары.

Деректерді талдау негізінде шешім қабылдау қабілеті.

Цифрлық логистикалық жүйелердің (TMS, WMS, ERP) негіздерін меңгеру.

Цифрлық платформалар мен логистикалық құралдарды қолдану дағдылары.

Логистикада GPS, IoT және цифрлық мониторинг технологияларын пайдалану.

  1. Логистикалық жүйелер мен жеткізу тізбектерінің құрылымы мен жұмысын талдай алады.

  2. Тасымалдау, қоймалау және тарату үдерістерін жоспарлап, оңтайландыра алады.

  3. Логистикалық шығындарды және логистикалық операциялардың тиімділігін бағалай алады.

  4. Әртүрлі жүк түрлері үшін логистикалық схемалар мен жеткізу бағыттарын әзірлей алады.

  5. Қорларды басқару және материалдық ағындарды басқару әдістерін қолдана алады.

Minor курстары

Сипаттамасы

1

Логистика негіздері

«Логистика негіздері» пәні логистиканың мәні, қағидаттары мен функциялары туралы базалық білім қалыптастыруға бағытталған. Пәнде логистикалық жүйелер, материалдық, ақпараттық және қаржылық ағындарды басқару, көлік-қойма процестерін оңтайландыру, қорларды және логистикалық шығындарды басқару негіздері, сондай-ақ қазіргі жеткізу тізбегіндегі логистиканың рөлі қарастырылады.

2

Логистикалық менеджмент

«Логистикалық менеджмент» пәні кәсіпорынның логистикалық қызметін басқару қағидаттары мен әдістерін зерттеуге бағытталған. Пәнде логистикалық процестерді жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау, қорлар мен шығындарды басқару, жеткізу тізбегі қатысушыларын үйлестіру, сондай-ақ цифрландыру және жаһандану жағдайындағы логистикалық жүйелердің тиімділігін арттыру мәселелері қарастырылады.

3

Халықаралық логистика

«Халықаралық логистика» пәні шекарааралық тасымалдарды және халықаралық жеткізу тізбектерін ұйымдастыру мен басқаруды зерделеуге арналған. Пәнде халықаралық көлік дәліздері, халықаралық тасымал түрлері, Incoterms ережелері, кедендік рәсімдер, логистикалық тәуекелдер, сондай-ақ жаһандық сауда жағдайындағы мультимодальды тасымалдардың ерекшеліктері қарастырылады.