Алматыдағы ғылыми кездесу: Абай өңірінің археологиялық зерттеулерінің жаңа кезеңі
2025 жылғы 24 желтоқсан күні BR 24992916 «Абай облысының кешенді тарихи-археологиялық зерттеулері» жобасын іске асыру аясында Шәкәрім университеті мен Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институтының бірлескен дөңгелек үстелі Алматы қаласында өтеді.
Іс-шараның тақырыбы:
«Абай облысының археологиясы: аралық нәтижелер, жаңа деректер және даму бағыттары».
Отырыс барысында далалық және камералдық зерттеулердің нәтижелерін талқылау, пәнаралық жұмыстар мен аналитикалық материалдарды қарастыру, сондай-ақ алдағы ғылыми ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындау жоспарлануда.