«Шәкәрім университеті» КеАҚ мемлекеттік сатып алулар бөлімі қызметін келесі нормативті-құқықтық құжаттар негізінде жүзеге асырады:
2024 жылғы 1 шілдедегі №106-VIII ҚРЗ «Мемлекеттік сатып алулар туралы» ҚР Заңы (перейти).
2024 жылғы 9 қазандағы №687 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің бұйрығы (перейти).
2024 жылғы 20 тамыздағы №559 «Конкурс, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің бұйрығы (перейти).
2024 жылғы 10 қыркүйектегі №613 «Мемлекеттік сатып алынуы кезінде әлеуетті өнім берушілерге және өнім берушілерге қосымша талаптар белгіленуі мүмкін жекелеген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің бұйрығы (перейти).
2024 жылғы 3 қыркүйектегі №345 «Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері және (немесе) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту туралы» ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы (перейти)
2024 жылғы 8 қазандағы №677 «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін, қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің бұйрығы