Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі01 қыркүйек 2021

1 КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ ТАНЫСУ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Шәкәрім университетінде «Білімді жастар болашаққа жол бастар!» атты 1 курс студенттеріне арналған танысу апталығы басталды.

Шараға Басқарма мүшесі – әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Б.Иісбекұлы, Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің директоры М.Карибаев, Дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі Д.Советханов және құрылымдық бөлім басшылары мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Кіріспе сөз Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Б.Иісбекұлына берілді.

«Шәкәрім шаңырағының тарихы тереңде жатыр. Біздің университемізде аты әлемге белгілі түлектер түлеп ұшқан. Сіздерге де сол кісілердің жолын берсін. Студент латын тілінен аударғанда ізденуші деген мағынаны білдіреді. Ізденістеріңіз мол, биіктеріңіз биік болсын!»,- деді Басқарма мүшесі Берікхан Иісбекұлы.

Аталмыш апталық барысында студенттер спорт кешенін көріп, қауіпсіздік ережелерімен танысты. Сонымен қатар мини-футбол, үстел теннисі, волейбол сынды ойындарымен өзара бақ сынасты.

‼️Айта кетейік, барлық шаралар санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып жүргізілді. Оқу ордасына Ashyq қосымшасы арқылы кіру жүзеге асады.