Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі05 қараша 2021меморандум

30 ЖЫЛДЫҚҚА 30 ИГІ ШАРА: МАҢЫЗДЫ МЕМОРАНДУМ

Қазіргі технологиялар ғасырында өзгеру қарқыны өте жоғары болғандықтан ғаламдық экономикада көшке ілесу күрделеніп келеді. Сол мүддеден шығатын дағдылардың жылдамдығына да көз ілеспейтіндіктен, үкімет барлық компаниялар мен мекемелерге қызметкерлерінің сандық дағдыларын өмір бойы жетілдіру мақсатында 2017 жылдың 12 желтоқсанында «Цифрлы Қазақстан» жобасын іске қосқан болатын.

Өзгерістердің негізі жылдамдық болса, оған қол жеткізу – цифрлы қоғам талабынан кеш қалмау. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында да: «Қазіргі заманда бәсекеге қабілеттіліктің басты факторының бірі – барынша цифрландыру», - деп аталмыш талапқа арнайы тоқталды.
Цифрландыру үдерісінің қажеттілігін алғашқы болып қабылдайтын сала білім беру болғандықтан, елімізде арнайы жобалар мен бағдарламалар дайындалып, іске қосылған.
Асхат Аймағамбетов «Цифрлық білім» жобасын таныстыру барысында, «Медицина, ауыл шаруашылығы, құрылыс, заңтану және басқа да салада оқитын студенттер осы цифрлық құзыретті игеріп, пәнаралық маман болып шығу керек», - деген еді.

Шәкәрім университеті биылғы оқу жылында заман талабына сай Smart Shakarim цифрлық кешенді жобасын енгізіп, іске қосқан болатын.
Бүгін «Astana IT University» ректоры Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлы мен Шәкәрім университеті басшысы Бауыржан Аманкелдіұлы Ердембеков үздіксіз білім беру саласында адами капиталды дамытуға жәрдемдесу жолында оқу орнымызда IT бойынша білім беру бағдарламаларын жетілдіру мақсатында әріптестік туралы Меморандумға қол қойды.

«Astana IT University» - «Цифрлы Қазақстан» жобасы аясындағы құрылған, елімізде IT саласын терең меңгеруге бейімделген жоғары оқу орны.

«Astana IT University» ректоры Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлы - техника ғылымдарының докторы, жоғары білім саласындағы танымал маман және жоғары өнімді есептеу, математикалық модельдеу және зияткерлік жүйелер саласындағы ғалым.
Әріптестік байланыс игілікті болсын!