Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі29 қазан 2024абай клубы

«Абай клубы» үйірмесінің кезекті отырысы әдебиет майданының батырына арналды

Shakarim University-дің «Абай клубы» студенттер шығармашылық үйірмесінің кезекті отырысы қазақ әдебиеттану ғылымының негізін қалаушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Бейсембай Кенжебаевтың туғанына 120 жыл толуына арналды. «Әдебиет майданының батыры» тақырыбындағы басқосуда қазақ әдебиетінің мәселелеріне, қазақ баспасөзінің тарихына арналған іргелі еңбектердің, Абай, С.Торайғыров, Ж. Жабаев, М.Сералин, М.О.Әуезовтің өмірі мен шығармалары туралы зерттеулердің, оқулықтардың авторы, Кеңестік кезеңде қазақ әдебиетінің тарихы Бұқар жыраудан (XIX ғ.) басталады деген жаңсақ пікірді теріске шығарып, оның Орхон-Енисей жазбаларынан басталатындығын ғылыми тұрғыдан дәлелдеген

ғалымның өмірі мен шығармашылығы туралы баяндамалар оқылып,  талқыланды.

Отырыста «Абай клубының» жетекшісі, профессор Арап Еспенбетов ғалым еңбектерін ары қарай зерттеу, жас зерттеушілердің өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктері жайлы айтып, олардың алдағы жұмыстарына бағыт-бағдар берді.   

 

 

Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі да ақымақтық.

Абай Құнанбайұлы