Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі10 қараша 2021

АБАЙ КЛУБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ЖЕРЛЕС ЖАЗУШЫ РОЛЛАН СЕЙСЕНБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛДЫ

 «Абай клубының» отырысында жазушы, драматург, аудармашы Роллан Сейсенбаевтың 75 жылдық мерейтойына орай «Адамзаттың аманатын арқалаған» тақырыбында оқырман конференциясы өтті.

Клуб жетекшісі, профессор Арап Еспенбетов кіріспе сөзімен бастап, Роллан Сейсенбаев шығармаларының қазіргі қазақ әдебиетіндегі орны мен маңызына тоқталды.

Доцент А.Ақтанова «Роллан Сейсенбаев шығармаларындағы адам және қоғам» тақырыбындағы ойларымен бөлісті.

Сонымен қатар, М.Сейсек, А.Слямғалиева, М.Секенов, Б.Оразханова, Т.Еженхан сынды студенттер жазушының әртүрлі жанрдағы шығармаларына талдау жасап, пікір алмасты.

Отырыс соңында кафедра оқытушылары мен студенттері өз ойларын білдірді және алдағы уақытта талқыланатын тақырыптар төңірегінде ұсыныстарын айтты.