Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі13 мамыр 2025инновациялық жәрмеңке

Адамдардың өмірін құтқаруды үйрету: Семей медициналық колледжі – INNOVATE SHAKARIM UNIVERSITY форумында

2025 жылдың 4 мамырында өткен INNOVATE SHAKARIM UNIVERSITY форумы жай ғана іс-шаралар жиынтығы емес, ол аймақтың интеллектуалдық дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды платформа болды. Форум аясында білім, ғылым және инновация салаларындағы жетекші сарапшылар, жас ғалымдар мен студенттер бас қосып, заманауи технологиялардың әлеуетін, олардың өңірлік экономика мен қоғам өміріне ықпалын талқылады.

 

 

Бұл күні Shakarim University-ге 4500-ден астам қатысушы мен қонақ келді — олардың қатарында мектеп түлектері, колледж студенттері, магистранттар, ғалымдар, кәсіпкерлер және халықаралық сарапшылар болды.

 

 

INNOVATE — бұл — өңірді қайта жаңғырту алаңы.

Бұл күні тәжірибелік құзыреттерді дамытуға және жұмысшы мамандықтарды насихаттауға ерекше назар аударылды. Форум қатысушыларының бірі Семей қаласының медициналық колледжінің оқытушысы Диас Байдүйсенов болды.

«INNOVATE SHAKARIM UNIVERSITY форумында біз алғашқы медициналық көмек дағдыларын көрсетіп, жиналған қауымның қызығушылығын тудырдық,- дейді Диас. — Біз ересектерге мен балаларға жүрек-өкпе реанимациясын қалай жүргізу керектігін және үй жағдайында алғашқы жәрдем көрсету сәтімен таныстырдық».

 

 

Семей медициналық колледжінің командасы тек өз әзірлемелерін таныстырып қана қоймай, сонымен қатар, медицина мамандықтарын насихаттауға және алғашқы көмек дағдыларын кең аудиторияға үйретуге бағытталған кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.

 

 

«Біз үшін тек қатысу ғана емес, мүмкіндігінше көп адамға алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын үйрету маңызды болды,- дейді Байдүйсенов. — Жуырда осындай іс-шараны Абай-аренада өткіздік, ал бұл жолы миссиямызды форум аясында жалғастырдық».

 

 

Колледж өкілдерінің сөйлеген сөздері форумның маңызды элементіне айналды: олар білімнің тәжірибемен ұштасуын, оқудың өмірді сақтауға қалай ықпал ететінін және аймақтың құзыреттілік пен жауапкершілік арқылы дамуға шабыттандыратынын көрсетті.

 

 

INNOVATE SHAKARIM UNIVERSITY өзінің біріктіру, нығайту және нақты өзгерістерге жол ашу сынды мақсатына жетті деуге әбден болады.   Мұнда әрекет етуге жүрексінбейтін, жауапкершілікті мойнына ала алатын жаңа буын қалыптасуда.