Shakarim University жаһандық академиялық кеңістікке сенімді қадам жасап келеді.
Бұл бағытта :
6В07103 – Жылу энергетика
6В07104 – Автоматтандыру және басқару сынды екі инженерлік бағдарламаның EUR-ACE®️ сапа белгісіне ие болғаны ауыз толтырып айтуға тұрарлық жетістік. Бұл — Еуропадағы инженерлік білімнің ең жоғары стандарттарына сәйкестікті ресми түрде растайтын беделді халықаралық мәртебе.
EUR-ACE®️ Label — бұл Еуропалық инженерлік қауымдастықтар беретін сапа белгісі, түлектерге ЕО елдері мен басқа да мемлекеттерде кәсіби және академиялық мүмкіндіктерге жол ашады.
Сонымен қатар, университеттің 8 инженерлік бағдарламасы Орталық Азия білім сапасын аккредитациялау қауымдастығы (CAAAE) тарапынан 5 жыл мерзімге халықаралық аккредитациядан өтті:
6В05303 – Техникалық физика
6В07103 – Жылу энергетика
7М05302 – Техникалық физика
7М07101 – Жылу энергетика
8D05302 – Техникалық физика
6В07104 – Автоматтандыру және басқару
7М07102 – Автоматтандыру және басқару
8D07102 – Автоматтандыру және басқару
ARQA – Білім сапасын қамтамасыз ету және сараптау бойынша тәуелсіз агенттік педагогика, психология, биотехнология және экология бағыттарындағы 11 білім беру бағдарламасына 5 жылға халықаралық аккредитация берді:
6B01101 – Педагогика және психология
6B01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті
6B03102 – Психология
6B05102 – Биотехнология
6B05201 – Экология
7M01101 – Педагогика және психология
7M01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті
7M09101 – Ветеринарлық медицина
7M09102 – Ветеринарлық санитария
7M01705 – Орыс тілі мен әдебиеті
7M01201 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Нәтиже: Shakarim University-дің 19 бағдарламасы халықаралық деңгейде ресми түрде мойындалды.
Бұл — академиялық ұжымның жүйелі, терең және үйлесімді жұмысының дәлелі.
Бұл — оқытушылардың кәсіби шеберлігі мен студенттердің оқудағы белсенділінінің, университеттің жаһандық бәсекеге қабілеттілікке дайын екенінің айғағы.
Shakarim University әлемдік деңгейдегі университет болуға нық қадам жасауда.
Халықаралық аккредитациядан өткен әр бағдарлама — бұл:
- жұмыс берушілер тарапынан сенімнің артуы;
- білім сапасының халықаралық деңгейде танылуы;
- студенттер үшін академиялық ұтқырлық, тағылымдамалар мен кәсіби өсу мүмкіндігі.
Бұл — дамудың сапамен дәлелденген жолы.


