Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі07 тамыз 2024алтын белгі

«АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕГЕРЛЕРІ SHAKARIM UNIVERSITY-ДЕ ТЕГІН БІЛІМ АЛА АЛАДЫ



 Shakarim University талантты жастарды белсенді қолдауды және Абай облысының дамуына елеулі үлес қосуды жалғастыруда. Өңірдің зияткерлік элитасын қалыптастыру және туған өлкесіне қызмет ету жөніндегі өз миссиясының шеңберінде университет мемлекеттік білім беру гранты бойынша түспеген «Алтын белгі» иегерлеріне төрт жыл бойы тегін оқуға мүмкіндік береді.

Университет әрбір талантты жастың өңірде қалып, өзінің әлеуетін барынша арттырып, өз аймағы мен елінің дамуына үлес қоса алатын тұлғаны қалыптастыруға баса назар аударады.

 Толығырақ ақпаратты келесі байланыс нөмері арқылы біле аласыздар: 8 701 337 8633.