Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі23 шілде 2024қабылдау комиссиясы

Ақерке Бауыржанқызы: ГРАНТ иегері атануларына сәл де болсын көмек бергім келеді


«Шәкәрім шаңырағына келген талапкерлерді есік алдынан құшақ жая қарсы аламыз. Сол сәттен бастап біздің жұмыс процессіміз басталады. Талапкерлерді компьютер арқылы базаға тіркеп, білмеген, ұқпаған, түсінбеген жерлеріне көмектесіп, базаға сәтті тіркелу жолында көмек қолымызды созамыз. Одан кейін кьюар код арқылы талон алуға жәрдемдесіп, кезекке тұрғызамыз.»,-  дейді Ақерке.

«Біздің басты міндетіміз - ата-аналар мен талапкерлерге сапалы әрі дұрыс кеңес беру.  Күту залында талапкерлер өз кезегін күтіп отырған шақта, мамандық таңдау бойынша өз кеңесімізді айтамыз. Шәкәрім университеті жайлы көкейкесті сұрақтарына мардымды жауап береміз.

Енді ғана мектеп қабырғасын тамамдаған түлектерге дұрыс жол сілтеп, ГРАНТ иегері атануларына сәл де болсын көмек бергім келеді. Абай облысындағы №1 ЖОО - Шәкәрім университетінің жалынды жастары көп болса деймін.», - деп өз ойын аяқтады жас маманымыз.
 Ендеше, Ақерке сізге үлкен кәсіптік жол салуына тілектеспіз!

Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі да ақымақтық.

Абай Құнанбайұлы