Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі29 мамыр 2025лаборатория

Әсел Сәрсембинова, техника ғылымдарының кандидаты, PhD, Shakarim University Геодезия және құрылыс кафедрасының профессоры: Ғылым нақты деректен басталады, ал жауапкершілік – өзімізден

28 мамыр күні Shakarim University-де қолданбалы ғылым инфрақұрылымына стратегиялық үлес деп әділ атауға болатын іс-шара өтті – Геодезия және құрылыс кафедрасында геотехникалық зертхана мен құрылыс материалдары зертханасы ашылды. Іс-шараның маңызды сәттерінің бірі – әлемге танымал ғалым, ғылыми жетістіктері мен ұстаздық миссиясы жастарды ғана емес, барша қауымды шабыттандыратын оқытушы, кафедра профессоры, техника ғылымдарының кандидаты, PhD доктор Әсел Сәрсембинованың қатысуы болды.

 

 

Әсел Сәрсембинова – халықаралық «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Erasmus Mundus, Erasmus Tempus секілді беделді стипендиялық бағдарламалардың иегері, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректорының дербес грантының иегері, Қазақстандағы геотехника саласындағы алғашқы постдокторант. Оның есімі ғылыми қауымдастыққа жақсы таныс: ол Shakarim University атынан Web of Science, Scopus, Publons базаларында жарияланып, университеттің халықаралық деңгейдегі рейтингтеріне, соның ішінде QS пен өзге де жаһандық бәсекеге қабілеттілік индекстеріне үлес қосып жүр.

 

 

Ғылым тек біліктілікпен шектелмей, ішкі адалдықты, төзімділікті, стратегиялық көзқарасты талап ететін заманда ғалым болу нені білдіреді? Бұл сұраққа Әсел Сәрсембинова еш ойланбастан былай деп жауап берді:

– Университеттегі зертхана – шынайы ғылым жасаудың басты құралы. Біз нақты нәтижелерге, осы жерде алынатын деректерге сүйенуіміз керек. Әрбір қондырғы, әрбір құрал, әрбір сынама – академиялық ортада құндылығы зор қорытындылардың негізі. Ғалым заманауи жабдықпен жұмыс істеп, тәжірибе жүргізіп, процестерді модельдегенде, ынта-жігер ғана емес, үлкен жауапкершілік те пайда болады. Бұл жауапкершілік – студенттерге, университетке, тұтастай қоғамға не беріп отырмын деген сауалдан туатын   жауапкершілік. Дәл осының нәтижесінде ғылыми мақалалар жазылады, ынтымақтастық ұсыныстары түседі, мойындалу қалыптасады. Демек, университеттің беделі де, ғылыми салмағы да дәл осындай тәжірибелік жағдайлар арқылы қалыптасады. Бұл – болашаққа салынған инвестиция, ол бүгінгі нақты әрекеттен басталады.

 

 

 Ғалым қазіргі таңда кафедра базасында тек бакалаврлар білім алатынын атап өтті. Дегенмен, қазірдің өзінде магистратура бағдарламаларын ашу жоспарланып отыр. Осылайша, жаңа зертханалар   ғылыми жобалардың, стартаптардың және жарияланым белсенділігінің орталығына айналмақ. Зертханалық базаның қалыптасуы университеттің дәйексөз индексінің өсуіне, халықаралық мойындалуына және бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға тікелей жол ашады.

 

 

Ғылыми әлеуетпен қатар, Әсел Сәрсембинова – техникалық ғылым саласындағы әйел көшбасшылығының жарқын үлгісі.

Постдокторантураны тәмамдағаннан кейін Қазақстанға оралып, Shakarim University ректоры Думан Орынбековтің шақыруын қабылдап, университеттің штаттық құрамына енді. Мұнда ол ғылыми бастамаларды жүзеге асырып, өзінің ғылыми мектебін қалыптастырып жатыр.

Мұнда жұмыс істеу мен үшін өте жайлы. Коллектив жас, жігерлі, бастамашыл, икемді. Бұл шабыт береді. Мен жастарға сенемін! Адамның көзінде от болса, онымен бірге алға жылжуға, үлкен мақсаттар қоюға және нәтиже көруге болады,- дейді профессор. – Маңыздысы — жастар жауапкершіліктен қорықпайды, жаңалыққа құштар, ешқандай шектеулерге тәуелді емес. Олармен болашақтың тілімен – ғылымның дамуы, нақты шешімдер, технологиялық сын-тегеуріндер жайында сөйлесуге болады. Мен олардың тек қызығушылығы ғана емес, өзгертуге, ізденуге, ұсынуға деген ішкі талпыныстарын да көремін. Бұл маған оқытушы және ғалым ретінде жігерлендіреді, өйткені еңбегімді арнайтын, білім мен тәжірибемді беретін жандар бар. Ал айналаңда осындай адамдар болса, өзің де жігерленесің, ғылыми мақсаттарыңда батылырақ боласың. Бұл жай ғана жұмыс емес, бұл – бірге өсуге болатын орта, ғылыми мектеп қалыптасатын, өзіңді үлкен әрі маңызды істің бір бөлігі ретінде сезінетін орта.

 

 

Әсел Сәрсембинова – қазіргі қазақ ғылымының жаңа буынға тән адамгершілік пен интеллектуалдық стандартының жарқын өкілі. Оның жолы мынаған дәлел: егер сен ісіңе адал болсаң, білімің мен ішкі жауапкершілігің болса – міндетті түрде нәтижеге жетесің. Ал жанында ғылымды қолдайтын команда, университет, аймақ пен мемлекет болса – сол нәтиженің ауқымы кең болмақ.

 

 

Егер өз ісіңізге адал болсаңыз, білім мен ішкі жауапкершілік болса, онда сіз міндетті түрде нәтижеге қол жеткізесіз! Егер ғылымға қолдау көрсететін команда, университет, аймақ және халық қасыңыздан табылса, нәтиже де зор болады.

Адамдық борышың –

Халқыңа еңбек қыл.

Шәкәрім Құдайбердіұлы