Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі10 сәуір 2024жастар, встреча ректор, ашық диалог

АШЫҚ ДИАЛОГ: БІР АРНАҒА ТОҒЫСҚАН SHAKARIM UNIVERSITY ЖАСТАРЫ

Бүгін Shakarim University ректоры Думан Орынбеков Гуманитарлық-экономика факультетінің өкілдерімен кездесіп, ЖОО-ның алдағы жоспарларына, білім мен ғылымды дамытуға қатысты мәселелерді талқылады. Бұл жай ғана пікір алмасу емес, студенттерге өз идеяларын, сұрақтары мен ұсыныстарын, пікірлерін білдіруге арналған диалогтық алаң.
Білім ордасында "Ректорға сауалыңды қой!" науқаны өтуде. Науқан арқылы студенттер өздерін қызықтыратын сұрақтарын тікелей университет ректорына қоюға бірегей мүмкіндігі бар. Бұл акцияға қызығушылық ерекше байқалуда. Білім алушылар отбасы құндылықтары, студенттік өмір, мансаптық даму және т.б. қатысты сұрақтарды қойды.
Кездесу шығармашылық және достық атмосферада өтті, бұл өз кезегінде ашық әрі нәтижелі дискуссияға ықпал етті. Думан Рымғалиұлы студенттерге жиынға белсене қатысқандары үшін алғысын білдіріп, оқу ордасын дамытуда әкімшілік пен студенттер арасындағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықтың маңыздылығын баса айтты.
-Сіздердің пікірлеріңіз бен идеяларыңыз біз үшін үлкен маңызға ие. Біз әрбір студент өз әлеуетін іске асыра алатын және университеттегі бизнес процестерге әсер ететін ортаны құруға мүдделіміз. Ашық диалог білім алушылардың қажеттіліктері мен тілектерін жақсы түсінуге көмектеседі, - деді Басқарма төрағасы.
Осындай іс-шаралар университеттегі білім сапасын арттыруға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар университет қауымдастығының табысты жұмыс істеуінің негізі болып табылатын басшылық пен студенттер арасында сенімді қарым-қатынасты қалыптастырады.
Shakarim University студенттерге өздерінің білім беру жолы мен болашағын қалыптастыруға белсенді қатысуға шақырады. Ортақ шешімді бірге талқылайық!

Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі да ақымақтық.

Абай Құнанбайұлы