Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі19 мамыр 2022жәрмеңке, ярмарка

АУҚЫМДЫ ФОРУМНЫҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІНДЕ «ШӘКӘРІМ-AGRO» АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Бүгін Шәкәрім университетінде «Shakarim Forum: жоғары білімдегі жаңа көкжиектер» форумы аясында шығыстың үздік шаруашылықтарынан әкелінген «Шәкәрім-Agro» азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеге өңірдің 20-ға жуық шаруа қожалықтары мен кәсіпорын, цехтары қатысты. Серіктестеріміздің ішінде «Шалабай», «Қалиқанұлы» шаруа қожалықтары, Агрофирма «Приречное», «KONDIZ» кондитерлік фабрикасы, «Дария» шұжық цехы, «Семнан», «Ақшың», «Арай», «Прииртыш бройлер құс фабрикасы» ЖШС, «Восток-Молоко», «Ақбота», «Қуаныш», «Қанат» және «Сердюк» мекемелерінің өкілдері қала тұрғындарына сапалы азық-түлік өнімдерін ұсынды. Серіктестер тарапынан тұтынушылар үшін тауарларды нарық бағасынан 10-15%- ға төмен бағада сатып алуға жағдай жасалды.
Сондай-ақ, келушілер(білім алушылар, қала тұрғындары) жәрмеңкеден бөлек, қолөнер шеберлерінің көрмесімен, ветеринарлық «AESCULAP» орталығының жұмыстарымен танысты.
Агроөнеркәсіп кешені мамандарының өзара тәжірибе алмасып, жаңа технологиялармен бөлісу, сонымен қатар, бірлескен бизнес-жобаларды құруын мақсат тұтқан көрме колледж студенттерінің «Шәкәрім шырайы» гүл егу акциясымен жалғасты.

Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі да ақымақтық.

Абай Құнанбайұлы