Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі17 қаңтар 2025қысқы мектеп

БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ — БАСЫМ БАҒЫТ

Қысқы мектептің «Shakarim University: Сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» деп аталған соңғы күнінде де бірнеше іс-шара өткізілді.   

 

 

Декандар, кафедра меңгерушілері, профессорлық-оқытушылық құрам мен құрылым басшылары қатысқан басқосуда  «Platonus жүйесі: Қазақстандық білім берудегі сандық трансформация құралы», «Университеттің даму стратегиясында айқындалған қызметтің негізгі көрсеткіштері: жоспарлау, мониторинг және нәтижеге қол жеткізу», «Ұлттық және халықаралық рейтингтер» тақырыптарында талқылаулар мен пікір алмасулар өткізілді. Әрбір баяндамашы өз саласы бойынша терең талдау жасап, университеттің сандық жүйелерді енгізу мен білім беру үрдісін жақсарту жолдарын қарастырды.

 

 

"Platonus жүйесі" туралы сөз қозғағанда, баяндамашылар бұл ақпараттық жүйенің қазақстандық білім беру жүйесінде үлкен мүмкіндіктер туғызатынын атап өтті. Оның көмегімен университеттер оқу үрдісін автоматтандыру, студенттердің нәтижелерін бақылау және оқу бағдарламаларын тиімді басқару сияқты міндеттерді жеңілдетеді.

 

Келесі кезекте университеттің даму стратегиясында белгіленген негізгі көрсеткіштер мен оларды жүзеге асыру туралы талқыланды. Бұл көрсеткіштер жоспарлау мен мониторинг жүйелерін енгізу арқылы білім беру сапасын арттыруға, сондай-ақ, оқу орындарының нәтижелілігін жақсартуға мүмкіндік береді.

 

 

"Ұлттық және халықаралық рейтингтер" туралы сөз болғанда, университеттің рейтингілік позициясын арттыру үшін қолданылатын стратегиялар мен әдістер қарастырылды. Ғылыми зерттеулер, оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру, студенттердің халықаралық мобильділігін қолдау сынды шаралар жоғары рейтингтерге қол жеткізуге ықпал етеді деп атап өтілді.

 

 

Мұндай талқылаулар университеттің білім беру сапасын жақсарту мен халықаралық оқу орындары арасындағы орнын айқындау бағытындағы маңызды қадамдар болып табылады.