Бүгін Шәкәрім университетінде Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтымен меморандумға қол қойылды. Шара бұрынғы Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтының 70 жылдығы аясында өтті.
Шәкәрім университетінің басшысы Бауыржан Ердембеков пен Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры м.а. Ерғали Абдураимов өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Кездесу барысында тараптар бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру бағытындағы ынтымақтастықты арттырудың маңызына тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісті. Кадрларды дайындауға Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының арнайы зертханалары да үлес қосады. Бұл бастама – ветеринария саласындағы бірқатар түйіткілді мәселелерді оңтайлы шешуге өз септігін тигізеді.