Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі30 маусым 2025диссертация

ДИССЕРТАЦИЯ СӘТТІ ҚОРҒАЛДЫ

Шәкәрім университеті «Өнер» кафедрасының меңгерушісі Берікбол Рахат Рахметоллаұлы 8D014 – Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған педагогтерді даярлау бағыты (6D010700 – Бейнелеу өнері және сызу / 8D01416 – Көркем білім, графика және жобалау) бойынша PhD ғылыми дәрежесін алу мақсатында Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Диссертациялық кеңесте «Графика өнері туындылары арқылы болашақ мамандардың этнокөркем мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғады.

 

Атап өтерлік жайт – бұл кеңесте қорғалған диссертациялық жұмыс осы білім беру бағдарламасы бойынша алғашқы PhD диссертация.

 

Сонымен қатар, аталған ғылыми мамандық шеңберінде қабылданған алғашқы диссертациялық кеңестің ғылыми-практикалық қызметінің бастамасы ретінде ерекше тарихи және академиялық мәнге ие.

 

Шәкәрім университетінің ұжымы атынан әріптесімізді осы айтулы ғылыми жетістігімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметінде шығармашылық шабыт, табысты ізденіс пен жаңа биіктерді бағындыруын тілейміз!