Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі21 қаңтар 2025философия докторы

ДИССЕРТАЦИЯСЫН СӘТТІ ҚОРҒАДЫ

Білім беру жоғары мектебі Психология кафедрасының оқытушысы Рапикова Сандуғаш Ануарбекқызы  Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 6D010300/8D01101 Педагогика және психология бағыты бойынша философия докторы(PhD) дәрежесін алу үшін “Болашақ педагог-психологтардың психодиагностикалық іс-әрекетті ұйымдастыруға дайындығын қалыптастыру” тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғап шықты.

 

Әріптесімізді диссертациясын сәтті қорғауымен құттықтаймыз! Әрі қарай кәсіби табыс, жаңа жетістіктерін жүзеге асыруда сәттілік пен шығармашылық шабыт тілейміз!

 

 

Өміріңді сарып қыл өлгеніңше,

Жоба тап,
Жол көрсет,
Келешек қамы үшін.

Шәкәрім Құдайбердіұлы