Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі04 мамыр 2025түлектер

ДУМАН ОРЫНБЕКОВТІҢ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІМЕН АШЫҚ ӘҢГІМЕСІ

 4 мамырда Shakarim University аумағында халықаралық Innovate Shakarim University форумы өткізіліп, келушілер ғылым, жастар көшбасшылығы, спорт пен өңірлік ынтымақтастықтың тоғысқан сәтіне куә болды.

 

Ректор Думан Орынбеков облыс орталығы мектептерінің түлектерімен, магистратураға үміткерлермен және Семей қаласы колледждерінің түлектерімен кездесті.

Мектеп бітіруші түлектермен кездесуге Семей қаласының және Абай облысының ең үздік мектептері мен лицейлерінің өкілдері,  жалпы саны 1200-ден астам түлек жиналды. Олардың қатарында «Жас-ұлан» лицейінің түлектері де болды.

 

Кездесу барысында қандай мәселелер қозғалды?

Ректор оқушыларға алғашқы сұрағын қойды: «Семей қаласындағы ең басты, өңір үшін маңызы зор нысандар қандай?»

Оқушылар Абай мұражайы, Абай театры, аспалы көпір, «Өлімнен де күшті» монументі сынды тарихи орындарды атап өтті. Әрине, осы тарихтың ішінде Шәкәрім университеті де үйлесімді түрде орын алып отыр. Бұл ойды оқушылар да,  ректор да атап өтті.

 

Университеттің танымал түлектері бүгінде тек Қазақстанда емес, шетелде де еңбек етіп жүр. Бірақ ерекше атап өткен мәселе – университетті бітіргендердің біразы өзінің оқу ордасында жұмыс істеп қалатыны болды. Мысалы, Алексей Кливенко – Радиоэкологиялық зерттеулер ғылыми орталығының жетекшісі, Ілияс Жұмаділов – «Геодезия және құрылыс» кафедрасының меңгерушісі және т.б.

 

Сандар сөйлейді:

Жыл сайын 1000-нан астам түлек бітіреді. Солардың 1,5%-ы университет қабырғасында қалып, еңбек етеді.

90 жыл ішінде 70 000-нан астам маман даярланды.

Соңғы 3 жылда студенттер саны 1,5 есеге өсіп, 8000-ға жуықтады.

Колледжде 1100-ден астам студент білім алуда.

Ректор:

«Университеттің 100 жылдығы кезінде университет қандай болады? Өзіңнің болашағыңды және өңірдің болашағын қалай елестетесің?» деген сұраққа оқушылар болашаққа көз жүгіртіп, футуристік болса да, мәні зор ойлар айтты.

Өңір инженерия, биотехнология, экология, агроөнеркәсіптік кешен салаларында мыңдаған мамандарға мұқтаж.

 

Технологиялар күн сайын өзгеруде.

Сұранысқа ие мамандардың қажеттілігі күрт өсті. Әсіресе өңірде.

Еңбек нарығы мүлде жаңа талаптарды қойып отыр.

Shakarim University зор мүмкіндікке жол ашады.

2024 жылы университет 400-ден астам «Алтын белгі» иегерлерін қабылдады.

Мемлекет өңірлерге үлкен сенім мен жауапкершілік жүктеп отыр.

 

Ректор оқушылармен кездесуде тағы не айтты?

«Бәріміз түсінуіміз керек: мүмкіндік дәл осы жерде – өз қалаңда, Семейде, Шәкәрім университетінде. Оны іздеудің қажеті жоқ. Жай ғана қол созу керек».

Университетте жас оқытушылар мен зерттеушілердің нағыз серпілісі байқалды.

Арасында Жапонияда, Англияда, Қытайда, Кореяда оқыған мамандар – бірнеше тілді меңгерген жаңа буын ғалымдар бар.

Университеттің еріктілері қатарында Түркия, Қытай, Англия, АҚШ, Польша, Франция елдерінің өкілдері бар.

 

Бізге сенеді. Бізді таңдайды. Біз өсіп келеміз.

Shakarim University – бұл өңір дамуының платформасы.

Бұл – таланттар шоғырланған  орда.

Бұл – болашағыңмен бетпе-бет келіп, дұрыс таңдау жасайтын орын!

«Бүгін таңдау туралы әңгіме болды. Бірақ таңдау құқығы – сіздерде!» – деп қортындылады ректор.

 

Бұл күні 30-дан астам инновациялық жоба таныстырылды;

«Шәкәрім барысы» турнирінде 12 белдесу өтті;

Жаңа буынның көгалдандыру жобалары іске қосылды;

Университеттің ең ауқымды зияткерлік ойынының финалы өтті.

Shakarim University – бұл ғылым мен білім, тәжірибе мен қоғамдық даму тоғысатын орта.

Ертең, 5 мамырда форум жалғасады. Бұл күн ауыл шаруашылығы ғылымына және халықаралық ынтымақтастыққа арналады. Ол жылқы шаруашылығының I Халықаралық  Конгресінің аясында өтеді.

 

Жаңалықтарымыздан қапы қалмаңыз. Ең маңыздысы – дәл осы жерде. Қазір. Shakarim University-де.