Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі30 қараша 2022меморандум, ынтымақтастық, білім алушылар, франция елі

ФРАНЦИЯ УНИВЕРСИТЕТТЕРІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Парижге ресми сапармен барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронмен кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізуде.
Іс-сапар аясында Қазақстан мен Францияның жоғары оқу орындарының қазақ-француз жоғары оқу орындарының VII-ші форумы өтуде. Форум білім, ғылым және мәдениет саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Аталған форумға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бастаған отандық 13 жоғары оқу орнының делегациясы қатысуда. Қазақстандық университеттердің өкілдері Францияның оқу орындарымен ынтымақтастық туралы бірқатар жаңа меморандумдарға қол қойысып, әріптестермен тәжірибе алмасуда.
Шетелдік серіктестермен екіжақты қатынасты дамыту университеттің басты стратегиялық бағыты болғандықтан, оқу орнының имиджін одан әрі арттыратыны сөзсіз.
Форум аясында Басқарма төрағасы – Ректор Бауыржан Ердембеков Францияның жетекші оқу орны Леонардо Да Винчи менеджмент мектебі мен Париж саяси зерттеулер институты басшылығымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, серіктестіктің жаңа стратегиялық бағыттарын белгіледі.
Тараптар өз кезегінде академиялық ұтқырлық бағдарламасын дамыту, профессор-оқытушылар құрамы мен зерттеуші ғалымдардың өзара тәжірибе алмасуы мен ғылыми тағылымдамадан өтуін, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асырумен, қос дипломды білім беру бағдарламасын әзірлеуді қолға алмақ.