Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі22 сәуір 2025зерттеу

ҒАЛЫМДАР МЕН ӨЛКЕТАНУШЫЛАР АЛАКӨЛ АЛАБЫНА ДАЛАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗЕДІ

Шәкәрім университетінің ғалымдары семейлік өлкетанушылар Құсмиля Нұрқасым және Қайрат Сабырбаймен бірлесе отырып, Мақаншы ауданының Қабанбай және Қарабұлақ ауылдық округтерінде далалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге жолға шықты.

 

 

Зерттеу барысында Мақаншы ауданында Алакөл алабының табиғи, тарихи, мәдени және туристік әлеуетін зерттеу мақсатында ғылыми-сараптамалық мәжіліс өткізілмек. Сондай-ақ, Қабанбай және Қарабұлақ ауылдық округтерінде Алакөл өңірінің табиғаты мен географиялық ерекшеліктеріне қатысты көне жазбалар мен тарихи деректер, Барлық-Арасанның бальнеологиялық және пелоидты ресурстары жөніндегі аңыз-әңгімелер жинақталатын болады.

 

 

Алакөл алабының шығыс бөлігіндегі рекреациялық ресурстардың қазіргі жағдайына бақылау жүргізу, Алакөл аймағындағы минералды сулары мен емдік балшығын тиімді пайдалану мен қорғау мәселелері де назарда болады. Сонымен қатар, Алакөлдің геоэкологиясы бойынша сынама жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

 

 

Далалық зерттеу жұмыстарына Ілияс Жансүгіров  атындағы Жетісу университетінің ғалымдары да қатысады деп күтіліп отыр.