Шәкәрім университетінде Ғылым апталығының салтанатты жабылу рәсімі өтті.
Басқарма мүшесі – Ғылым және инновация жөніндегі проректор Жанар Молдабаева қатысушыларды ауқымды іс-шараның аяқталуымен құттықтап, қазақстандық ғылымды дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, ЖОО-ның 2022 жылғы ғылыми-зерттеу жұмысының қорытындылары туралы хабардар етті. Өз баяндамасында Жанар Қалибекқызы ғылыми кадрлардың әлеуетіне және апта бойы өткізілген іс-шараларға тоқталды.
Ғылым апталығы аясында студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми дамуына ықпал ететін, оларды ғылыммен айналысуға ынталандыратын және талантты жастарды қолдайтын әртүрлі деңгейдегі 30-дан астам іс-шаралар өткізілді. Олардың ішінде: ғылыми жетістіктер көрмесі мен стартаптар жобасы, меморандумдарға қол қою, воркшоптар, TEDх дәрістер, кітап әдебиетінің көрме-жәрмеңкесі, студенттік конференция, кабинеттердің ашылуы, сондай-ақ түрлі конкурстар. Іс-шараларға 3000-нан астам адам қатысты.
Ғылыми қызмет халықаралық деңгейде халықаралық академиялардың құрамына кіруге мүмкіндік береді. Ғылым күні қарсаңында университет ғалымдары Халықаралық суық академиясының корреспондент-мүшелері атанды.
- - техника ғылымдарының докторы, технологиялық жабдықтар және машина жасау кафедрасының профессоры Қасенов Әміржан Леонидович;
- - тамақ өндірісі технологиясы және биотехнология кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Кәкімова Жайнагүл Хасенқызы;
- - техникалық физика және Жылу энергетикасы кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Степанова Ольга Александровна;
- - PhD, Техникалық физика және Жылу энергетикасы кафедрасының қауымдастырылған профессоры міндетін атқарушы Қасымов Асқар Бағдатұлы.
Ғылым апталығы аясында үздік факультетті, үздік ғалымды, үздік жас ғалымды және үздік магистрантты анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жетістіктерінің конкурсы өткізілді.
Нәтижесінде УНИВЕРСИТЕТТІҢ:
- үздік факультет – Инженерлік технологиялық факультеті ;
- үздік ғалым– PhD доктор Касымова Асем Аленовна ;
- үздік жас ғалым– PhD докторы Байқадамова Әсемгүл Мәдениетқызы ;
- үздік магистрант– Педагогика және психология мамандығының 2 курс магистранты Түсіпова Динара Серікболқызы атанды.
Білім алушылардың жыл сайынғы «SHAKARIM INNO-2022» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізіліп, «SHAKARIM POSTER EVENT-2022» университеттің докторанттары мен магистранттары арасында постерлік баяндамалар байқауының қорытындысы шығарылды.Биылғы жылы байқауға 27 постерлік баяндама ұсынылды.
Ғылыми білімді насихаттау және студенттік ғылыми үйірмелер арасында шығармашылық идеяларды жүзеге асыру мақсатында алғаш рет ғылыми құбылыстар туралы "SCIENCE VIDEO" ғылыми-танымдық онлайн бейнероликтер байқауы өткізілді. Алғаш рет Шәкәрім университетінің өзіндік үлгісіндегі PhD дипломымен диссертациялық кеңесте қорғаған докторанттар марапатталды.
Көп жылғы жемісті еңбегі, Қазақстан Республикасының Жоғары мектебі үшін жоғары білікті ғылыми кадрлар даярлағаны үшін университеттің профессорлары Арап Слямұлы мен Зейнолла Қалымбекұлы "Шәкәрім университетінің құрметті профессоры" атағын иеленді.
Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!