Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі25 ақпан 2025әйел-ана

ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР

Статистикалық деректерге қарағанда, елімізде ғылыми жұмыстармен айналысатын әйел затының қатары күн сайын артып келеді.  Shakarim University-де де  ғылымның дамуына үлес қосып жүрген  арулар аз емес. Олардың зертханаларда және оқу аудиторияларындағы тынымсыз жұмысынан білімге деген шексіз сүйіспеншілігін байқауға болады.

 

 

Бүгін университетте «Стереотиптерді бұзу: Ғылымдағы әйелдердің күші» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның мақсаты – ғылымдағы әйелдердің рөлін арттыру, олардың жетістіктерін дәріптеу және гендерлік теңдікті нығайту.

 

 

Іс-шараға  №1, 10 және Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқушылары, студенттер, оқытушылар, зерттеушілер, белгілі ғалымдар, университет түлектері қатысты.

 

 

Дөңгелек үстел барысында ғылымдағы әйелдердің көшбасшылық қабілеттері мен жетістіктері, гендерлік стереотиптерді жою жолдары, мәдениетаралық ынтымақтастық  және  ғылымдағы теңдік мәселелері талқыланды.

 

 

Сонымен қатар,  келешек ұрпақтың ғылыми жетістіктерге жетуі үшін қажетті жағдайлар жасау, ғылымға әйелдердің қызығушылығын арттыру мәселелері қозғалды.