Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі17 маусым 2022ғылыми жоба, ынтымақтастық

ҒЫЛЫМИ ЖОБА STEAM JasSpace бағдарламасы аясында

2021-2023 жылдары жүзеге асырылатын «STEM-білім беру және үштілділік жағдайында білім беру үдерісін жобалаудың инновациялық модельдерін әзірлеу негізінде жаратылыстану ғылыми пәндері бойынша мұғалімдерді/педагогтарды даярлау» (AP09260305) ғылыми жобасының негізінде, 2022 жылдың  13-14 маусым аралығында ғылыми жоба жетекшісі, доцент Жолымбаев О.М. STEAM JasSpace бағдарламасын жүзеге асыратын «Орталық Азияның Еуразиялық Қоры» ҚҚ шақыруымен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетіде болып, «3+1 моделі бойынша болашақ педагогтарды даярлауда микроквалификацияның ролі» атты баяндама жасады.

Баяндамада келесі өзекті мәселелер қаралды:

- Қазақстанда STEAM дамыту бағдарламасы;

- персоналды қарқынды оқыту және STEAM 2.0 принциптерін енгізу;

- STEAM 4.0 енгізу және еңбек тәжірибесімен тығыз байланыс;

- STEAM бойынша оқыту модульдері мен курстары.

Сөз соңында жиналғандардың барлық сұрақтарына толыққанды жауаптар берілді. Баяндама STEM білім беруді дамытуды зерттеп жүрген әріптестер арасында үлкен қызығушылық тудырды.

Оқу, білім үйренген адам түрлі өнерді білетіні рас.

Шәкәрім Құдайбердіұлы