Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі04 мамыр 2022заседание

КЕҢЕЙТІЛГЕН ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСТІҢ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Айталық 29 сәуір күні ҚР білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтың басшылығымен, барлық ЖОО ректорлары мен проректорларының қатысуымен «ЖОО академиялық саясаты» атты форум өткен болатын. Форумда академиялық саясаттағы трендар, сапа, академиялық адалдық сынды бүгінгі күннің өзекті мәселелері басып айтылды.
Бүгін Шәкәрім университетінде форумда көрсетілген мәселелерді негізге ала отыра, сондай-ақ университеттің академиялық бағытындағы атқарылған жұмыстарына және болашаққа жоспарланған жұмыс барысымен таныстыру мақсатында кезекті Ғылыми кеңес өтті.
Облыстың ең таңдаулы университетінің миссиясы –ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген білікті маман дайындап, кемел тұлға, яғни Абай армандаған толық адамды қалыптастыру.
Университет миссиясына сәйкес сапалы маман даярлауда «дарынды оқушы – білімді студент және кемел тұлға – білікті маман» моделін қалыптастыруға күш салып келеді.
Академиялық мәселелер жөніндегі проректор И.Оралканова, ағымдағы жылдың 29 сәуірінде ҚР БжҒ министрі А.Аймағамбетовтың қатысуымен өткен «ЖОО академиялық саясаты» форумында талқыланған негізгі мәселелерге тоқталды. Осы орайда университеттің академиялық бағыты бойынша атқарылған жұмыстарға және Басқарма мүшесі: «Аталған модельде көрсетілген дарынды оқушыны тартуда бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтар болсақ, мектептерді өз қамқорлығына алу бастамасымен қала мектептерінде профильдік сыныптар ашу өз жалғасын табуда. Қазір қаланың №3 мектебінде инженерлік сыныптар, №40 мектепте экономикалық сыныптар ашылған. Ендігі кезекте университет базасында Shakarim high school ашу жұмысы қолға алынып, лицензия алуға құжаттар әзірленуде. Мақсат: дарынды оқушыларды өңірден іріктеп, 10-сыныптап бастап, университет мамандықтарына қарай бағыттап оқыту».
Ғылыми Кеңесте бірқатар мәселелер талқыланды:
  • білім сапасы;
  • білім бағдарламаларының мазмұнын жаңарту;
  • академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыру;
  • формалды емес оқу нәтижесін есепке алу;
  • BELL CURVE медианасын енгізу.
Білім сапасын бақылау орталығының жетекшісі Ж.Мұқаев білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету: «Атамекен» ҰКП рейтингісіне тоқталды.
Орталық басшысы факультеттердің академиялық ұтқырлық және Start Up жобалары бойынша көрсеткіштерін атап өтті.
Алқалы жиын кәсіптік бағдар – кемел келешек кепілі екендігін баса айтып кәсіптік бағдар беру бағытындағы жұмыстарға сөз тізгінін берді.
Қабылдау комиссиясы және кәсіптік бағдар беру бөлімінің басшысы А. Омарова «2022-2023 ж.ж. оқу жылына қабылдауға даярлығы: кәсіби бағдар беру нәтижесі және қабылдау комиссиясының жұмыс жоспары» бойынша баяндама жасады.
Қараша, желтоқсан және екінші мәрте сәуір айларында оқытушылар мен студенттерден жасақталған университет өкілдері Абай, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Тарбағатай, Аягөз, Үржар және Шемонаиха аудандарында (жиыны 9 өңір) жұмыс сапарымен барып қайтқаны мәлім.
Қала мектеп оқушылары арасында университет туралы жақсы имидж қалыптастыру, университеттің білім беру бағдарламаларын насихаттау, оқушылардың интеллектуалды тұлға болып қалыптасуына ықпал ету мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатқаны белгілі.
Осы орайда Алия Каттабайқызы: «Ашық есік күндері «I go to Shakarim» еркін, қызықты ойын-сауық форматында және қала мектептерінің құрама командалары арасында «Intellectual Battle» атты танымдық-интеллектуалдық сайыс өткізілді. Жүлдегер командалар мен ерекше көзге түскен ойыншыларға дипломдар мен марапаттар тапсырылды. Жалпы осы іс-шараға 450-ге жуық мектеп түлегі қатысты».
Бөлім басшысы Алия Омарова: «Құрметті әріптестер, кәсіптік бағдар беру жұмыстары мұнымен аяқталмайды, алда атқарылатын талай іс-шаралар бар, сол шараларда сіздермен бірге бір кісідей, береке бірлікпен, өнімді еңбек етеміз деген сенімдемін», - деп сөзін аяқтады.