Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі10 маусым 2025шәкәрім университеті

Кикбоксингтен әлем чемпионы — Shakarim University студенті!

Shakarim University — әлемдік тұғыр биігінде!

Анталия қаласында өткен кикбоксингтен Әлем кубогында Қазақстан құрамасы 10 алтын медаль жеңіп алды. Сол алтындардың бірі — Семейге жол тартты. Оның иегері — Shakarim University-дің дене шынықтыру және спорт кафедрасының 3 курс студенті, 60 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Абай Ерғалиев.

 

 

41 елден келген 2 549 спортшының арасында Абай жоғары дайындық, жеңіске деген жігер мен нағыз спортшыға тән табандылық таныта білді. Бұл жеңіс оның жеке жетістігі ғана емес, сонымен бірге университеттің, Абай облысының және бүкіл Қазақстанның жеңісі!

 

 

«Сен табандылық, жоғары спорттық шеберлік және қажымас кайрат танытып, осы халықаралық жарыста біздің еліміздің мерейін үстем ете білдің. Бұл — бүкіл Қазақстан мен Шәкәрім университетінің мақтанышы»,- деген  университет ректоры Думан Орынбеков  чемпионға Алғыс хат тапсырып, оның университеттің халықаралық беделіне қосқан үлесін ерекше атап өтті.

 

 

Талантты білім алушыларды қолдау мақсатында қолданыстағы ережеге сәйкес Ғылыми кеңестің шешімімен студенттің оқу ақысына 100% жеңілдік жасалып, білім беру гранты тағайындалды.

 


Шәкәрім университетінің әрдайым жастарға сенім артып, қолдау көрсетуі студенттердің де өз әлеуетін толық көрсетуіне негіз болып келеді.