Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі15 ақпан 2023студенты, международная практика

LOGO E.V. БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ

Бүгін Шәкәрім университетінің студенттері Landwirtschaft und Oekologisches Gleichgewicht mit Osteuropa / Шығыс Еуропамен Ауыл шаруашылығы және экологиялық тепе-теңдік ұйымының төрағасы Dr. Хартвиг Менненмен кездесті. Кездесу барысында Logo e.v. өкілі бағдарлама, тәжірибе, қаржылық мәселелер туралы толығырақ айтып, студенттерді қызықтырған сауалдарға жауап берді.

Студенттер үшін Logo алты айлық органикалық ауылшаруашылық тәжірибелері мен семинарларын ұсынады. Тәжірибе бір жылға дейін ұзартылуы мүмкін. Білім алушылар елге бару және қайту шығынын, сондай-ақ визаны төлейді. Аптасына 40 сағат жұмыс істегені үшін айына 380 еуро төленеді. Қосымша жұмыс уақыты демалыспен өтеледі. Фермерлер тұру және тамақтану ақысын, ал Logo сақтандыру және семинар шығындарын жабады. 

Тәжірибеге дайындалу үшін Logo онлайн режимінде тегін тіл курстарын ұсынады (Zoom арқылы). Сабақ уақыты курс оқытушылары мен қатысушылар арасында келісіледі. Тәжірибе барысында сіз арнайы семинарға шақырыласыз. Бұл басқа практиканттармен танысуға, кәсіптік оқыту, экологиялық егіншілік және жаңартылатын энергия түрлері туралы көп нәрсе білуге бірегей мүмкіндік. Практиканттардың алты ай бойы орыс тілді кураторы болады.

Тәжірибе соңында сіз бірнеше сертификат аласыз. Сертификат семинар барысында сіздің ауызша және жазбаша жетістіктеріңізді, есеп беру дәптеріңіз, кәсіпорында жұмыс істеу кезіндегі қызығушылықтарыңыз бен белсенділіктеріңізді көрсетеді. Өтінішті https://logoev.de/ сайтына жібере аласыз.  

Өндірістік практика Германияның агроөнеркәсіптік кәсіпорындарының жұмысына қатысуды көздейді. Атап айтқанда, отбасылық (фермерлік) шаруашылықтар, ірі акционерлік қоғамдар, шаруашылық жүргізудің экологиялық және дәстүрлі түріндегі кәсіпорындар бар. Студенттер жануарлар мен өсімдіктермен практикалық тәжірибе алады, теориялық білімдерін тереңдетеді, неміс тілін үйреніп, неміс халқының мәдениетімен танысады. Тәжірибе бағдарламаларында семинарлар мен экскурсиялар ұйымдастыру қарастырылған.