Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі19 ақпан 2025мансап

МАҚСАТ – ТҮЛЕКТЕРДІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Абай облысының Еңбек мобильділігі орталығының жұмыс іздеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы А.Қабдуллина, бөлім маманы А.Жабағытаева, Жаңасемей ауданы Мансап орталығының маманы Мөлдір Мырзабекова және  ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің бас маманы Темірлан Зұлхаров Shakarim University-дің 4 курс студенттерімен кездесу өткізіп, биыл бітіргелі отырған жастарды еңбек нарығындағы бос жұмыс орындары мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жайлы хабардар етті.

 

 

Кездесу барысында жастарды жұмыспен қамту бағдарламалары таныстырылып, Enbek.kz порталы арқылы бос жұмыс орындарын іздеу, түйіндеме әзірлеу және портал арқылы өндірістік практикадан өту мүмкіндіктері түсіндірілді. Сондай-ақ,   оқуды тәмамдағаннан кейін  мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндіктері турасында да ақпарат ұсынылды.