Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі15 қараша 2021курсы

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӨЛШЕУЛЕР ӘДІСТЕМЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ

Білім алмасу – бұл әріптестер, достар, ұйымдар арасында ақпарат, дағдылар немесе тәжірибе алмасуға бағытталған қызмет әрекеті. 
Неліктен білім алмасу керек? Білім алмасу инновациялар мен өнімділіктің өсуіне ықпал етеді. Инновацияларды ынталандыру және жаңа білімді генерациялау ұжымның өнімділігін арттыруға, идеялар алмасуды жақсартуға, білім  ордасында  жаңа  трендтерді  оңай  қабылдауға және оларға жауап беруге көмектеседі.
 
Осындай  мақсатта,  "Семей  қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КеАҚ -ның РМҚК 29.09.2021 жылғы № 15-10-6-2-2426 хат негізінде 2021 жылғы 18-22 қазан аралығында жоғары оқу орнының профессор-оқытушылар құрамының «Педагогикалық өлшеулер әдістемесінің негіздері»  тақырыбында  біліктілікті  арттыру курсын  өткен  сарапшылардың  алған  білімдерін  каскадты  тарату  әдісі  арқылы   ПОҚ мен  ұжымда,  Кадрлардың  біліктілігін  арттыру және қайта даярлау Орталығының   ұйымдастыруымен интенсив өткізілді. 
 
Университет сарапшылары алған білімі мен дағдыларын ПОҚ мен қызметкерлерге үйретті. Кестеге сәйкес осы курсқа Ветеринария және агроменеджмент ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаттары: Нуржанова К.Х.,  доцент Сатиева К.Р. және Б.С. Ахметова қатысып,  өздерінің факультетінен жинақтаған білімдерімен бөлісу мақсатында факультеттің профессорлар оқытушылар құрамы үшін семинар ұйымдастырды. 
 
Семинарда ұйымдастырушылар өздерінің алған білімдері мен тәжірибелерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, қатысушылардың қызығушылығын арттыра білді.
 
Сол сияқты, инженерлік-технологиялық  факультетте техника ғылымдарының кандидаттары: Толеубекова С. С., Нүрымхан Г., Ж.Б.  Асиржанова  және жаратылыстану-математика факультетінде  ассоц. профессор Р.А.Cадыкова мен доцент Д. Р.Онтагаровалар өз білімдерімен бөлісті. 
 
Ішкі сарапшыларды көбейту, ақпаратпен бөлісу арқылы барлық қызметкерлер өз дағдыларын дамыта алады және өз білімдеріне сенімді сезіне алады. 
 
Біліммен  бөлісу  ұжым  мен қызметкерлер үшін өте маңызды. Ол адамдар арасында  өсуге,  ынтымақтастыққа,  өнімділікке  және  брендке  әсер етеді.  Құнды білімді тарату ұжым ішіндегі  адамдарды  хабардар  етіп  қана қоймайды, сонымен  қатар  білім  ордасы  туралы  сыртқы аудиторияның пікіріне әсер етеді. Тәжірибелі мамандар командасының болуы  кез келген  білім  беру  процесінде  өз пайдасын тигізеді.
 
Мазмұн мен алмасу форматтары әртүрлі болуы арқасында, біз сарапшылар тобын құрастыруда өз мақсатымызға  жеттік деп ойлаймыз.