Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі04 наурыз 2025студенттік театр

«ҚАРАГӨЗ» ТЕАТРЫ – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ!

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен 3 наурыз күні өткен  Республикалық «Студент және сахна» ІІІ студенттік театрлар байқауында Шәкәрім университетінің «Қарагөз» студенттік жастар театры жүлделі І орынды жеңіп алды.

 

Байқауда өздерінің актерлік шеберліктері мен шығармашылық қабілеттерін паш еткен Shakarim University-дің жас таланттары көрермендер мен қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланды.

 

Сондай-ақ, байқау барысында жас актерлер өздерінің сахналық өнері арқылы қыз бала тәрбиесінің маңыздылығын, рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау мәселелерін де көтерді. Бұл іс-шара жоғары оқу орындары арасында мәдени байланыстың нығаюына және студенттердің өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді.

 

Бұл байқау еліміздің жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студенттердің өнерге деген қызығушылығын арттырып, олардың бойында ұлт мәдениетіне деген құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталды.