2025 жылдың 23 мамырында Алматы қаласында Педагогикалық Ғылымдар Академиясының сессиясында Академия мүшелерін сайлау қарастырылған болатын. Мүшелікке үміткерлер жүргізген ғылыми ізденістері негізінде мемлекеттік деңгейде шешуді қажет ететін білім беру мәселелері жөнінде нақты ұсыныстар айтулары қажет. Аталған сессияда Шәкәрім университетінің Педагогикалық зерттеулер ғылыми орталығының басшысы, физика-математика ғылымдарының кандидаты Оралтай Мұратханұлы Жолымбаев «Қазақстандағы және әлемдік тәжірибедегі кілт сөздерді зерделеу негізінде педагогикалық зерттеулердің трендтері мен тенденцияларын анықтау» тақырыбында баяндама жасады. Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының жалпы жиналысының шешімімен (№4хаттама) Жолымбаев О.М. академияның толық мүшесі (академигі) болып сайланды.
Оралтай Мұратханұлын академияның толық мүшесі болып сайлануымен құттықтаймыз!
