Бүгін Шәкәрім университетіне ҚР Үндістан елшілігі мәдени орталығының бірінші хатшысы Санжай Веди мырза келді.
Кездесу барысында Халықаралық ынтымақтастық орталығының өкілдерімен білім, ғылым және мәдениет саласындағы өзара іс-қимылдың бағыттары талқыланды.
Санжай Веди мырза Үндістан үкіметімен академиялық ұтқырлық, тіл курстары, қос дипломды білім беру және елдің жетекші университеттерімен бірлескен бағдарламалар аясындағы гранттық жобаларды бірге жүзеге асыруды ұсынды.
Тараптар екіжақты әріптестік байланысты дамытуға ниетті.
Алдағы уақытта ынтымақтастық шеңбері ресми құжаттармен беки түспек!