Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі23 ақпан 2024білім, ғылым, академиялық ұтқырлық

ҚЫТАЙ – SHAKARIM UNIVERSITY: БОЛАШАҚҚА БАСТАЙТЫН БІЛІМ БЕРУ КӨПІРІ

Қазіргі таңда Shakarim University 27 студенті Түркия, Оңтүстік Корея, Өзбекстан және Польша университеттерінде оқиды, сондай-ақ аталған өңірлік ЖОО-да 52 шетелдік білім алушы бар.
Шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты дамыту – ЖОО-ның басты стратегиялық бағыттарының бірі. Академиялық ұтқырлық дүниежүзілік білім және ғылым кеңістігіне кірігуінің ең маңызды бөлігі болып табылады.
«Білім алушыларымыз мен қызметкерлеріміздің академиялық ұтқырлығы халықтар арасындағы мәдениетті өзара қарқынды байытуға ықпал етеді, сондай-ақ өңірімізге шетелдік озық тәжірибені тартуға мүмкіндік береді. Үш жылда 110-нан астам білім алушы АҚШ, Түркия, Польша, Оңтүстік Корея және т.б. елдеріне барып келді. Алдағы уақытта университеттің 30-ға жуық оқытушысы Түркия, Өзбекістан елдерінің ЖОО-да дәріс өткізетін болады. Бұл өңірлік университет үшін зор мүмкіндік», - деді Shakarim University ректоры Думан Орынбеков.
Shakarim University Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия университеттерімен тығыз ынтымақтастықты жүзеге асырады. Олардың қатарында Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университеті (Өзбекстан), Солтүстік-батыс ауыл және орман шаруашылығы университеті (Қытай) ЖОО бар. Коллаборация нәтижесінде «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» бағыты бойынша магистратураның қос дипломды бағдарламасының ашылуы. Бүгінгі таңда аталған ЖОО-да Қытай елінің Солтүстік-батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінің 5 магистранты білім алуда. Магистранттар биотехнология, ғылыми зерттеулердің негіздері және Абай әлемі пәндерін ағылшын тілінде меңгеруде.
Қос оқу ордасы Food science және Ветеринария бағыттарында өзара тиімді ғылыми ынтымақтастықты дамытуды жоспарлап отыр. Ғылыми ынтымақтастық аясында зертханалар мен бірлескен ғылыми жобалар, қос дипломды бағдарламалар әзірленетін болады.
«Шәкәрім университетінің тарихымен таныстық. Осы уақыт ішінде қаншама жерлерді көрсек те, ғылыми-зерттеу орталығының заманауи әрі толыққанды құрал-жабдықтары таң қалдырды. Университет оқытушылары бізді ыстық ықыласпен қарсы алып, қамқор болды. Абайдың мұражайына барған уақытта Абай әлемінің философиясымен танысып, оның тарихы мен өмірге деген көзқарасын біліп қайттық. Осы мұражайда экскурсия өткізіп, қызығушылығымызды арттырғаны үшін университет ұжымына алғысымыз шексіз», - деді қытайлық магистрант Gong Yanou.