Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі31 мамыр 2022көрме, студенты

САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫНА АРНАП КӨРМЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Семей архиві "ҚЗТҚО" КММ ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л.К. Қадырова білім алушыларды «Семей архивіндегі саяси-қуғын сүргінге ұшыраған қазақ зиялыларының құжаттары» тақырыбындағы көрме жұмысымен таныстырды.
Сондай-ақ, келушілерге Семей губерниялық атқару комитетінің 1920-1930 ж.ж. сақталған құжаттары туралы айтылды.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2020 жылы 24 қарашада «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау туралы» Жарлыққа қол қойғаннан бастап, елдің әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласында қызмет етіп жатқан жетекші мамандарға жауапкершіліктің үлкен жүгі артылды. Әртүрлі қайшылықтарға толы саяси және әлеуметтік-экономикалық процестердің тарихын объективті түрде зерделеу мен қалпына келтіруде архивтану саласының атқарар рөлі зор.
Осы орайда, ректор Б.Ердембеков ҚЗТҚО" КММ ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л.К. Қадыроваға алғысын білдіре отырып, отандық тарих ғы­лымының зерделенуіне елеулі үлес қосып жүрген университет ғалымдары және жас зерттеушілердің архив қорларымен тығыз жұмыс жасауы керектігін тілге тиек етті.
Отандық ғылымға қосар үлестеріңіз арта берсін!