Шәкәрім атындағы университеттің Филология факультетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шет тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен Семей қаласының шығармашылық адамдарымен студенттер мен оқытушылардың кездесуі өтті.
Кездесуге ақын, драматург Султанбеков Мурат; ақын, публицист Байгужинов Кенжебек, бард ақын, музыкант Син Вадим және т.б қала мен республикаға танымал ақындар мен музыканттар қатысты.
Аталған кездесудің мақсаты - жастарға әдеби орта қалыптастырып, парасаттылық пен отансүйгіштік қасиеттерін жастар бойына дарыту.
Шара барысында қонақтар профессор-оқытушылар мен студент жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Болашақ жас жазушылар мен ақындар көкейлерінде жүрген «өз талантын қалай ашуға болады және қалай жазу керек» деген сұрақтарға жауап алып, қанаттанғандай болды.
Сонымен қатар ақын Қ.А. Байғожинов қатысушыларға өзінің «Стихи на Арбате» атты жаңа жинағын таныстырды. Кеш соңында қатысушылар алдағы уақытта да осындай іс-шаралардың мүмкіндігінше жиі өткізілуіне тілек білдірді. Осындай тағылымы мол кездесулер болашақ педагогтерге жеке жетілу және кәсіби өсу тұрғысынан қажет дейді ұйымдастырушылар.