Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі09 шілде 2022шакарим университет, презентация книги, книга, қымыздан асқан дәм бар ма?

ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАҢА КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Бүгін Шәкәрім шаңырағында мал шаруашылығын зерттеуде елеулі із қалдырған, университет түлегі Төлеуғазы Сейсенұлының "Қымыздан асқан дәм бар ма?" атты ғылыми-танымдық кітабының тұсаукесері өтті.

Ғылыми-танымдық кітапта қазақ халқының ұлттық кодында ежелден бар қасиетті сусын қымыз жайлы ақпараттар жинақталған. Автор қазіргі жаһандану заманында еліміз үшін мал шаруашылығының маңызын, баба сусынымыз қымыздың қазаққа ерекше қажет киелі һәм шипалы дәм екенін ғылыми әрі әдеби деректермен түйіндейді.

Кітап 20 бөлімнен тұрады. Саба дайындау, тері ұқсату, саба мен піспек, тері түрлері, қымыздың емдік, шипалы қасиеттері мен сипаттамалары, тарихи анықтамалық деректер қамтылған.

Төлеуғазы Сейсенұлы - ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент. 1982-1985 жылдар аралығында Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институты ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру, экономика және азықтандыру кафедраларының оқытушысы, доцент, деканның орынбасары қызметтерін атқарды.



Салтанатты рәсім барысында университет басшылығы, әріптестері мен туыстары автор туралы жылы естеліктерімен бөлісті.