Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі10 тамыз 2024shakarim university

«Shakarim University-90» ультрамарафондары өткізілді

           

Ағымдағы жылдың 10 тамызында Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Семей мен Жидебайдың арасында 160 шақырымдық және Семей мен Бөрілі арасында 80 шақырымдық«Shakarim University-90» ультрамарафондары өткізілді. Жарысты ұйымдастырушы Абай облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «El Sport» республикалық қоғамдық бірлестігі.

 

-        Жарысқа үш жізге жуық желаяқ қатысты, олар Астана, Қостанай, Павлодар, Зайсан, Петропавловсктен келді. Семей қаласы мен Абай облысының өкілдері де өз бақтарын сынады.Бірнеше спортшы шет елден келді. Олардың бәрі тәжірбиелі желаяқтар, әр қайсысы өз жасының категориясында чемпион болып жүрген спортшылар.

 

Жарысқа тіркелген 182 қатысушының ішінен 28 әуесқой спортшы тікелей қатысты.

 

-        Ультрамарафонның екінші дистанциясы Семейден Бөріліге дейін 50 миль, яғни 80 шақырымдық қашықтықты қамтығанын айта кетейік.Бұл дистанцияның демеушісі Шәкәрім университеті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қомақты ақшалай сыйақы беріледі. Желаяқтардың екі жастар санаты бойынша 18-45 жас және 46 жастан жоғары, бірінші орынға 300 мың, екінші орынға 250 мың және үшінші орынға 200 мың теңге, жалпы сомасы 1 500 000 теңге ректорат тарапынан тағайындалды.

 

Жарысқа дене шынықтыру және спорт бөлімінің мамандары, Шәкәрім атындағы университеттің басшылығы мен қызметкерлері, Семей қаласының спорт қоғамдарының өкілдері, оқытушылар мен университет студенттері қатысты.

Өміріңді сарып қыл өлгеніңше,

Жоба тап,
Жол көрсет,
Келешек қамы үшін.

Шәкәрім Құдайбердіұлы