17 маусымда Астанада Open Space жоғары технологиялық инновациялар байқауының финалы өтті. Байқауға Шәкәрім университетінің «Эгис» командасы «IPEC топырақ құрылымы» жобасымен қатысты. Команда құрамында 6В05301 Химия білім беру бағдарламасының түлектері: Жардамова Әйгерім, Самалхан Назерке және Бубликов Валентин болды. Ғылыми жетекшісі Алексей Николаевич Кливенко болды.
Қазылар алқасының шешімімен «Эгида» командасы техникалық ғылымдар саласы бойынша бірінші орынды иеленіп, Германиядағы университеттердің бірінде тегін тағылымдамадан өту құқығына ие болды. Бұл жетістік Шәкәрім университеті студенттерінің жоғары дайындық деңгейін және олардың халықаралық ғылыми-инновациялық жобаларға қатысуға дайындығын дәлелдейді.
"Open Space" жас кәсіпкерлерге өз идеяларын көрсетуге, сарапшылардан кері байланыс алуға және жобаларын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Ұжымды лайықты жеңісімен құттықтай отырып, ғылыми және кәсіби қызметінде табыс тілейміз!