Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі23 шілде 2024магистратура

SHAKARIM UNIVERSITY қабылдау комиссиясының баспасөз хатшысы - Нұргелді Алтынбекұлы. Магистратураға бізге кел, жас маман!

                 
«Биыл бейінді магистратураға түсу ережелеріне өзгерістер енгізілді. Енді бейінді магистратураға түсуге ниетті үміткерлер "Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест" бөлімінен босатылды. Осы бойынша, олар тек білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест тапсырады. 
Шеткі балдар өзгеріссіз қалды: ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін 75 балл, бейіндік магистратураға түсу үшін 50 балл жинау қажет.
Сондай-ақ, басшы лауазымында кемінде бес жыл өтілі бар немесе білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес мамандығы бойынша кемінде 10 жыл еңбек өтілі бар тұлғалар бейінді магистратураға ақылы негізде әңгімелесу нәтижелері бойынша қабылданады.» - дейді қабылдау комиссиясының баспасөз хатшысы.
«Қазір бәріміз білетіндей, тестілеу компьютерлік форматта. Егер қандай да бір заңбұзушылықтарға сәйкес келеңсіздіктер туындаған жағдайда, емтихандарды қайта тапсыру құқығынсыз емтихан нәтижелерін жою туралы шешім қабылданғанын түсіндірді.
Тағы бір еске сала кететін жайт, тестілеудің нәтижесі  білім беру бағдарламалары тұрғысында жиналған баллдар бойынша саралау жүргізіліп, жоғары балл жинаған талапкерлер грант алады, сәйкесінше ерікті түрде өзі ЖОО таңдайтын болады.
Айта кетейік, магистратурада оқу үшін 2024 жылы 13 мыңға жуық грант бөлінген. Кадрларды даярлауға арналған гранттар сұранысқа ие бағыттар бойынша бөлінеді. 
Магистратураға өтінімдерді қабылдау ЖОО қабылдау комиссиясы және Ұлттық тестілеу орталығының (әрі қарай – ҰТО) ақпараттық жүйесі (app.testcenter.kz)  арқылы 2024 жылғы 1-8 шілде аралығында жүргізілді.
Білім беру бағдарламаларының (әрі қарай – БББ) топтары бойынша магистратураға түсу емтихандары 2024 жылдың 20 шілдесі мен 10 тамыз аралығында компьютерлік форматта өткізіледі.
12-15 тамыз аралығында конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау уақыты.
Ал 28 тамызға дейін сіздің магистратураға түскеніңіз жайлы смс хат келеді.

Мансабыңызды шыңдау жолында сізге тек сәттілік!»- деп сөзін аяқтады Нұргелді Амангелдіұлы.

Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі да ақымақтық.

Абай Құнанбайұлы