Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі23 шілде 2024қабылдау комиссиясы

SHAKARIM UNIVERSITY қабылдау комиссиясының баспасөз хатшысы - Нұргелді Алтынбекұлы. Ең бастысы, білікті мамандар даярланып, елге адал қызмет етсе болғаны.

 

Қабылдау комиссиясының дере­гіне сүйенсек, қа­зіргі уақытта үміткер­лердің басым бөлігі «педагогика» саласын таң­дайды. Мұның себебін грант­қа түсу мүмкіндігінің мол­ды­­ғымен байланыстыруға бо­ла­ды. Грант көп бөлінген мамандыққа көбінің жүгіруі «грант қуу» мәселесінің түбегейлі күн тәрті­бінен түспегенін, «сананы әлі де грант билейтінін» көрсететін сыңайлы.

 

Бұл – енді «Мұғалім мәрте­бесі туралы» заңның қа­былдануы, педагогикалық ма­мандықтардағы сту­дент­тердің стипендиясын арттыру, педагогтер жалақысының еке есе өсуі секілді кешенді жұмыс­тың жемісі. Сондай-ақ әр грант­қа осындай бәсеке болу үшін кешенді жұмысты қажет ететі­нінің көрінісі. Әйтпесе, 50 ұпай­дан сәл жоғары жинап та грант көп бөлінген мамандыққа түсіп кететіндер, кейін сол салада жұмыс істемейтіндер көп.

 

Педагогика ғылымдары» бағыттары бойынша – кем дегенде 75 балл; басқа мамандық бойынша – кем дегенде 50 балл болып білім министрлігінен белгіленген болатын.

 

Қазіргі жастар мамандық  таңдауда ата-анасының бағдарымен емес, өз жүрегінің ішкі дауысына құлақ асады. Проферентологтың көмегімен  өзінің мінезі мен қабілеттерің талдап, болашақ мамандығын анықтауға белсене кіріскенін байқадық.

 

Қабылдау комиссиясының алғашқы күндері өте қарбалас болғаны сондай, грант конкурсына құжат қабылдауға 400 талапкерді қабылдадық.  Осы уақыт аралығына дейін Шәкәрім университетін таңдау бойынша  1719 өтінім келіп  түсті. Өзімнің ойымша, осы жылы 1200-дей бала грантқа ілігеді »,-дейді қабылдау комиссиясының баспасөз хатшысы

 

Грант иеленгендердің тізімі электронды түрде  жарияланады. Талапкерлер үйде отырып-ақ өздерінің грантқа түскендігін  біле алады. Қазақстанда білім гранттарын бөлу қорытындысы 5-ші тамыз күні  белгілі болуы қажет.      

 

 

Ең бастысы, білікті мамандар даярланып, елге адал қызмет етсе болғаны. Талапкерлерге сәттілік!- деп жылы лебізің білдірді Нұргелді Алтынбекұлы
 

 

 

 

Ғылымға қанағатсыз болу керек,

Бес түгiл разы болмай алтыға да.

Шәкәрім Құдайбердіұлы