Құрметті Абай облысы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің күнделікті жұмыстарыңыздан – бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын жаңалықтар ағынынан қоғамдық сана, диалог мәдениеті мен азаматтық жауапкершілік қалыптасады. Қарқынды өзгерістер дәуірінде Сіздер ақпараттық кеңістіктің тұрақтылығын сақтап, күрделі үдерістерді қоғамның байсалды қабылдап, терең түсінуіне көмектесіп келесіздер.
Shakarim University өңірлік редакцияларға, журналистерге, теле және радио жүргізушілерге, операторларға, тілшілер мен редакторларға кәсіби біліктіліктері, принципшілдігі және өңірдің, демек, университетіміздің тыныс-тіршілігіне деген шынайы жанашырлығы үшін зор алғысын білдіреді.
Біз Shakarim University-дің күнделікті тыныс-тіршілігіне, білім, ғылым және жастар мәселелеріне арналған материалдарыңызды ерекше бағалаймыз. Университетпен ынтымақтастық – бұл жай ғана ақпарат алмасу емес, ол – жаңа ұрпақты тәрбиелеу, зияткер қоғам қалыптастыру, ғылыми білімді насихаттау және білім беруді өңірдің стратегиялық ресурсы ретінде нығайту жолындағы бірлескен жұмыс. Сіздердің университет өміріне деген қызығушылықтарыңыз бізге ашық болуға және қоғаммен тығыз байланыста әрекет етуге мүмкіндік береді. Сіздердің арқаларыңызда өңір тұрғындары, ата-аналар, болашақ талапкерлер мен жұмыс берушілер Shakarim University-дің тыныс-тіршілігінен хабардар болып отырады.
Құрметті журналистер, сөздеріңізде әрдайым дәлелді нақтылық пен ақиқат болсын. Сіздердің сюжеттеріңіз бен мақалалаларыңыз оң қоғамдық пікір қалыптастырып, ізгілік пен әділеттіліктің шынайы мұраттарын бекітуге ықпал ете берсін. Әр эфир, әр шығарылым, сөздеріңіздің жазылған әр жолы қуатты, тұрақты әрі ашық қоғамға қосылған үлес болғай!
Құрметпен, Думан Орынбеков