Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі15 қазан 2022спорт, акция, шәкәрімдіктер

SHAKARIM UNIVERSITY СПОРТТЫҚ АКЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

Шәкәрім шаңырағында қызметкерлер мен студенттер арасында спорттық жарыстар ұйымдастыру – дәстүрге айналған шара. Осыған орай Республика күні қарсаңында жеңіл атлетикадан "Президенттік миля – денсаулыққа апарар жол!" акциясы ұйымдастырылды.
Акцияға "Алаш Орда" спорт клубы демеушілік етіп, "Дене шынықтыру және спорт" кафедрасының оқытушылар құрамына спорттық формаларды табыстады.
450-ден астам білім алушы қатысқан акция нәтижелі аяқталып, жеңімпаздарға дипломдар берілді.

Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі да ақымақтық.

Абай Құнанбайұлы