Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі30 қыркүйек 2024біліктілікті арттыру

SHAKARIM UNIVERSITY ҰЖЫМЫ «ACADEMIC LEADERSHIP INSTITUTE: DEAN’S SCHOOL» БІРЕГЕЙ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУДА

Қазақстанның жоғары білім беру саласындағы жаңа буын көшбасшыларының кәсіби өсуі мен жетілуіне қолдау көрсетуге бағытталған Назарбаев Университетінің “Academic Leadership Institute: Dean’s School” бірегей бағдарламасына 170 үміткер арасында конкурстан өтіп, грант жеңіп алған Шәкәрім университетінің декандары мен декан орынбасарлары да қатысуда.  Бағдарламаның мақсаты – жоғары басшылық құрамның көшбасшылық дағдыларын дамытуға қолдау көрсете отырып, жоғары оқу орындарының жүйелі трансформациясына ықпал ету. Бағдарламаның негізгі бағыттары - академиялық көшбасшылық, басқару, білім беру бағдарламаларын әзірлеу және білім беру саласында зерттеулер жүргізу.

 

Курсты жүргізуші спикерлер қатарында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің комитет басшылары Г. Көбенова, Ә. Тойбаев және Nazarbayev University мен Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-түрік университетінің белді ғалымдары, бағдарлама жетекшілері мен департамент басшылары бар.

 

Бағдарлама әріптестеріміздің кәсіби дамуының маңызды кезеңіне айналып, оны сәтті аяқтаған соң  университеттегі білім беру жүйесінің трансформациясына өз үлесін қосады деп сенеміз.