Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі21 мамыр 2025shakarim higher college

ШӘКӘРІМ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ - ӨҢІРЛІК ЧЕМПИОНАТ ҮЗДІКТЕРІНІҢ ҚАТАРЫНДА

Жуырда Абай облысының техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының студенттері арасында кәсіби шеберліктің үшінші өңірлік чемпионаты өткен болатын.

 

 

WorldSkills – жай ғана жарыс емес, жас мамандарға өз дағдыларын көрсетуге және өздерін танытуға жақсы мүмкіндік. Биылғы жылы чемпионат ел Президенті жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өтті.  Бұл техникалық, кәсіптік білім беруді ілгерілету жолындағы маңызды іс-шара болды.  

 

 

«WorldSkills Abai – 2025» биыл 55 құзыреттілік бойынша ұйымдастырылды. Тәжірибелік кезең 13–16 мамыр аралығында 10 колледж базасының заманауи өндірістік алаңдарында өтті.

Аталған чемпионатқа Шәкәрім жоғары колледжінің  студенттері мен оқытушылары 12 түрлі құзыреттілік бойынша қатысып, өз білімдері  мен кәсіби дағдыларын көпшілік назарына ұсынды.  Олардың қатарында ветеринария, флористика, CAD инженерлік дизайн, бұлтты бағдарламалау, фото және бейне өңдеу т.б. мамандықтар бар.

 

 

Шәкәрім жоғары колледжінің қатысушылары 8 құзыреттілік бойынша жүлделі орындарға ие болды.  Атап айтсақ, Ветеринария мамандығы бойынша білім алып жатқан  – Нұргелді Қуаныш І орынға ие болса,– Дильназ Бекболатова (Флористика) мен  Ақниет Рамазанова  (Мектепке дейінгі білім беру) ІІ орыннан көрінді.   Ал Данил Третьяков (CAD инженерлік дизайн), Дәулет Аңсағанов (Бұлтты бағдарламалау), Гүлім Бекжанова (Фото және бейне өңдеу), Әсем Қуанышқызы (Бастауыш білім беру), Дана Исина (Дене шынықтыру және спорт) жүлделі ІІІ орынды еншіледі.

 

 

2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар  жылы деп жариялануына байланысты елімізде техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінің рөлі арта түсті. Осы бағытта өңірімізде ерекше көзге түсетін оқу орындарының бірі – Шәкәрім жоғары колледжі.

«Бүгінде біз білім беру бағдарламаларын кеңейтудеміз, кәсіпорындар және жоғары оқу орындарымен жоғары ынтымақтастық орнатылған әрі маман даярлау нарықтың нақты сұраныстарына бағдарланған. «Жұмысшы мамандықтар жылында» біздің басты мақсатымыз – түлектерді оқыту, жас маманның өз жұмысына сенімді түрде кірісуіне жол ашу. Өндірістік практика, дуальды оқыту, өңірдің жетекші кәсіпорындарында тағылымдамадан өту – осының бәрі оларды сұранысқа ие мамандарға айналдырады»- дейді колледж директоры Тоты Әбдікәрімова.

 

 

Қымбатты талапкер! Заманауи білім беру мен кәсіптік даярлауды бағдар тұтқан, қазіргі жаһандану заманындағы қоғамдық-әлеуметтік өзгерістерге сай бәсекеге қабілетті, кәсіби білікті маман даярлауды басты межесіне айналдырған, білім саласындағы іргелі оқу орындардың бірі – Шәкәрім жоғары колледжін  таңдасаңыз, еш қателеспейсіз!