8D07101 – Технологиялық машиналар мен жабдықтар білім беру бағдарламасының 3-курс докторанты Ерхан Ағзам 2025 жылдың 8мамырынан бастап Солтүстік-батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінде (Сяньян, ҚХР) ғылыми тағылымдамадан өтіп жатыр.
Тағылымдаманың мақсаты диссертациялық зерттеу тақырыбы бойынша теориялық және қолданбалы білімді тереңдету, машиналар мен жабдықтар технологиясы саласындағы халықаралық тәжірибемен танысу, ғылыми-зерттеу құзыреттерін дамыту, шетелдік ғылыми кеңесшімен кәсіби байланыс орнату.
Докторант қазіргі заманғы жабдықтармен жабдықталған зертханаларда ғылыми кеңесші басшылығымен жұмыс істеу практикалық дағдылар мен ғылыми нәтижелер алуға мол мүмкіндік беретінін атап өтті.
Ғылыми тағылымдама докторанттың ғылыми ой-өрісін кеңейтіп, алынған тәжірибе жаңа идеялар мен зерттеу бағыттарының туындауына серпін беретініне сенімдіміз.

