Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі13 мамыр 2025инновация жәрмеңкесі

Табиғаттың күші – студенттер қолында: INNOVATE SHAKARIM UNIVERSITY форумындағы стартаптар

Нақты өсу. Негізгі қиындықтар. Нағыз адам болу

 

2025 жылдың 4 мамырында өткен INNOVATE SHAKARIM UNIVERSITY форумы тек инновациялық жобаларды таныстырумен ғана шектелген жоқ, сонымен қатар шығармашыл ойлауды, кәсіпкерлікті және ғылыми зерттеулерді дамытуға бағытталған орта қалыптастырауға бағытталды. Форумда ұсынылған бастамалар мен идеялар – өңіріміздің болашағына серпін беретін нақты қадамдар.   INNOVATE — бұл — өңірді қайта жаңғырту алаңы.

 

Форум қатысушыларының бірі — Ветеринария және ауыл шаруашылығы зерттеу мектебінің «Орман ресурстары және аңшылықтану» білім беру бағдарламасының менеджері Гүлнара Джаманова бастаған команда болды.

«Біздің мақсатымыз — табиғатымыздың керемет мүмкіндіктерін көрсету,- дейді Гүлнара. — Өңіріміздің керемет табиғат байлығы – қарағайлы орман аумағынан жиналған дәрілік шөптерден жасалған орман шайларын ұсынып отырмыз. Олардың сергітетін, тыныштандыратын, иммунитетті күшейтетін түрлері бар».

 

Бұл өнімдер аймақтың табиғи байлығын көрсетіп қана қоймайды. Студенттер оларды стартап-жобаларға айналдырып, нақты іске асыруға дайын.

 

«Біз демеушілер іздеп жүрміз және өз технологияларымызды облыс деңгейінде ілгерілетуге дайын екенімізді ашық айтамыз. Біз үшін маңыздысы   — жастардың үлкен мегаполистерге кетпей, өз өңіріміздеқалуы,- дейді Г. Джаманова. — Олар өз келешектерін  дәл осы жермен байланыстырып, үлкен қалаларда  жоқ мүмкіндіктерге қол жеткізе алады».

 

Гүлнара Джаманова өз командасының шетелдік ғылыми және білім беру ұйымдарымен тығыз әріптестікте  жұмыс істейтінін атап өтті. Осындай ауқымды  форум аймақтың әлеуеті дәл осы жерде, университет зертханаларында, далалық жұмыстарда, жас ғалымдардың жаңашыл бастамаларында қалыптасып жатқандығын тағы бір дәлелдеді.

 

Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі да ақымақтық.

Абай Құнанбайұлы