Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі27 маусым 2025садақ ату

Темірлан - садақ атудың шебері

Тараз қаласында өтіп жатқан дәстүрлі садақ атудан Қазақстан Республикасының жастар арасындағы IV чемпионатында 70 метрлік  "Пута" нысанасы бойынша  Шәкәрім университетінің Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Темірлан Түсіпханов жеңіс тұғырынан көрініп, оқу орнының абыройын асқақтатты.  Осылайша, студентіміз садақ атудан спорт шебері атанып, ҚР Ұлттық құрамасына  қабылданды.

 

Сондай-ақ, тағы бір студентіміз Елзат Маусымбек "Қалқан" нысанасы бойынша ІІІ орын алды.

 

Ұлттық құндылықты жаңғыртып, дәстүрлі спортты дамытуға үлес қосып жүрген Темірлан мен Елзатты айтулы жетістіктерімен құттықтаймыз!